Эпид. ситуация

Официальные сайты

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары үздіксіз оқуда

Бүгін, екінші күн олар «Қазақстан Республикасында есірткіні проблемалық тұтынуы бар адамдар арасында зерттеу» тақырыбында тренингтен өтуде.

Екі күн ішінде 27 және 28 мамырда Алматыда негізгі іріктеу сауалнамасын жүргізуге  зерттеу топтарының қызметкерлерін дайындау мақсатында зерттеу топтарына тренинг өтуде.

Тренингке ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кеңиспекова, эпидемиологтар Татьяна Башкирцева мен Арай Айдарқызы, сондай-ақ мейіргер Юлия Тұрарова қатысуда.

Тренинг Орталық Азияға арналған БҰҰ  2021-2025 ж бағдарламасының «Нашақорлықпен күресу, нашақорлық ауруларын емдеуді кеңейту және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» кіші бағдарламасы аясында өткізілуде.