Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Гүлнәр Нұрпейісова үкіметтік емес ұйым қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ресоциализация орталығының қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Гүлнәр Қабдоллақызы АИТВ-ға қатысты облыстағы эпидемиологиялық жағдайға, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тұрғындарға сауалнама жүргізуге тоқталды. Аурудың қатынастан кейінгі және қатынастың алдындағы профилактикасы туралы хабарланды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту тақырыбына ерекше назар аударды.