Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі мамандары –басшының м.а Сәуле Кеңиспекова мен дәрігер эпидемиолог Жанна Асенова оқыту семинарын өткізді. Мекеменің медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары, төтенше жағдайлар мен әрекет ету жолдары талқыланды. Сондай-ақ дәрігерлерге қатынастан кейінгі профилактика туралы айтылды. Мамандар сотталғандарды тексеру мерзімдері, қан сынамасын алу, кодтау және ШҚО ЖИТС орталығының зертханасына жеткізу ережелеріне жан-жақты тоқталды.