Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,83%

Құрметті достар!

Өткізіп алғандар үшін маңызды хабарландыру

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін «Пациент мектебі» телеграм-боты іске қосылды, онда сіз вирус, оны емдеу және алдын алу туралы жан-жақты ақпарат алуға, сондай-ақ әртүрлі функциялар мен ресурстарға қол жеткізуге болады:

 

• дәрі-дәрмек туралы еске салғыштарды орнату,

• АИТВ-ға жылдам тестіне тегін және жасырын түрде онлайн тапсырыс беру

• дәрігерден немесе тең-кеңесшіден жасырын кеңес алу

• құқықтардың бұзылуы немесе дәрі-дәрмек алудағы мәселелер туралы шағым беру

• серіктеске АИТВ-ға тест тапсыру қажеттілігі туралы жасырын хабарлама жіберу

• Тәжірибе алмасу және қолдау алу үшін басқа адамдармен «Өзара көмек чаты» деген чатта сөйлесу

• және басқасы

 

Көптеген адамдар үшін АИТВ мәселесінде құпиялылығы мен анонимділігі өте маңызды, сондықтан Telegram параметрлері телефон нөміріңізді басқа пайдаланушылардан жасыруға мүмкіндік беретінін ескеріңіз. Сондай-ақ қосымшада тіркелу кезінде кез келген атауды таңдауға болады, ал бот әкімшілігі жазылушылардың деректеріне қол жеткізе алмайды.

 

Бот қызметтерін пайдалану үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.       Телефоныңызда жоқ болса, Telegram қолданбасын орнатыңыз

2.       t.me/art_patient_bot сілтемесі бойынша өтіңіз немесе Telegram-дағы "іздеу" өрісіне "Пациент мектебі" сөз тіркесін енгізіңіз

3.       Боттың сүреті ретінде «АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделі» мәтіні бар логотипі орналасқан

4.       «Start» деген түймесін басып, тілді таңдаңыз