Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ВЯЧЕСЛАВ ДУДНИК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник пен халық арасында кездесу өтті. Шығыс Қазақстан облысының және азаматтық сектордың, өңірдегі денсаулық сақтау саласының жұмысымен танысты.

       Жиынға ШҚ облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Марина Жеголко мен кәсіподақ комитетінің төрайымы Динара Сәлімбаева қатысты.

Вячеслав Дудник медициналық көмек көрсетуді жақсарту, ана мен бала денсаулығын сақтау, ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту, саланың кадрлық әлеуетін күшейту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жүйені цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында облыс тұрғындары мен медицина саласының өкілдері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, балаларды оңалту, қызылшаға қарсы екпеге қатысты сұрақтарын қойды.