Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

АИТВ мен өмір сүретіндерге арналған жазғы мектеп

   «Қуат» ҚҚ АИТВ-ға қарсы үкіметтік емес ұйымы «АИТВмен өмір сүретін және ХНТ қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету» жобасы аясында Бұқтырма су қоймасындағы демалыс аймағында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтары үшін тағы да Жазғы мектеп ұйымдастырды.                                                                                                                                                           Іс-шараның мақсаты: АИТВ және вирустық гепатитпен өмір сүру, пациенттердің құқықтары мен міндеттері, медициналық мекемелердегі және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті төмендету бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу.                                                                                                                 Оқу сабақтарын Алматыдан шақырылған жаттықтырушы, «AGEP'C» ҚҚ директоры Сергей Анатольевич Бирюков өткізді. Іс-шараға 16 адам қатысты Алматы, Өскемен, Семей, Павлодар және Ақсу қалаларынан.Сессиядан кейін қатысушылар белсенді демалуға мүмкіндік алды. Атмосферасы, материалды қолжетімді формада беру өте ұнады. Бұл шара АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясында «Еуразия» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.