Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

ВК ЖИТС орталығының аутрич қызметкерлерімен тренинг

  Облыстық ЖИТС орталығының ВК қызметкері Юлия Турарова ЖИТС ВК орталығының аутрич қызметкерлерін AMEC «АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделі» жобасымен таныстырды.

Жобаны Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығы ICAP-пен тығыз серіктестікте және PEPFAR қаржыландыруымен жүзеге асыруда.

Мақсаты: АИТВ індетін бақылаудың үнемді және тұрақты бағдарламасын құру

Жұмыс принципі: Барлық іс-шаралар дәлелді деректерге негізделген және АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеуді жақсартуға бағытталған.

Сіз есірткі қолдандыңыз ба? Сіз презервативсіз жыныстық қатынасқа түстіңіз бе?

Сіз ВИЧ жұқтырған боларсыз!

 

АИТВ-ға тестілеуден өтіңіз, сонда тестіңіз оң болса, тиімді емдеуді тезірек бастауға болады.

Сынақтан өттіңіз бе? Нәтижені хабарлаңыз