Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

Аутричпен семинар

25 наурызда эпидемиолог Л.В.Козлова облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының аутрич қызметкерлерімен (волонтерлерімен) семинар өткізді. Семинарда 2022 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында өткізілетін инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастыру, сынамаларды қалыптастыру, іріктеу критерийлері, мерзімдері, сондай-ақ қатысқаны үшін сыйақы мәселелері талқыланды.

340 нашақор эпидемиологиялық қадағалаумен қамту жоспарлануда, АИТВ, С гепатиті және мерезге тестілеу, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша сауалнама жүргізіледі. Жұмыстың бұл әдісі Өскемен қаласындағы нашақор тұрғындары туралы сапалы ақпарат алу көзі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді, оның нәтижелері осы топ арасында профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге пайдаланылады.