Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

ШҚ МӘМС нефрология және гемодиализ бөлімшелерінің қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу тақырыбына семинар өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Татьяна Башкирцева Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының мамандарына эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Сондай-ақ Татьяна Михайловна клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды АИТВ-ға міндетті скринингтік тексеруден өткізу туралы хабарлады. Жиын соңында төтенше жағдайлар талқыланып, зардап шеккенге дейінгі және одан кейінгі алдын алу шаралары талқыланды. Дәрігерлерге АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді қалай жүргізу керектігі бойынша шеберлік сабағы өтті.