Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

«Answer» қоғамдық қорымен бірге Глубокое ауданы, Белоусовка ауылындағы «Қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтендіру орталығы» КММ-де болдық.

Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Гүлнәр Нұрпейісова үкіметтік емес ұйым қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ресоциализация орталығының қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Гүлнәр Қабдоллақызы АИТВ-ға қатысты облыстағы эпидемиологиялық жағдайға, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тұрғындарға сауалнама жүргізуге тоқталды. Аурудың қатынастан  кейінгі және қатынастың алдындағы профилактикасы туралы хабарланды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту тақырыбына ерекше назар аударды.