Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың  30  маусымға   АИТВ-жұқпасымен 4921  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,434% құрады.

Арнайы
саиттар

Нөлдік дискриминация

АИТВ/ЖИТС (ЮНЭЙДС) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламасы 1 наурызды кемсітушіліктің нөлдік күні деп жариялады. Қазақстан АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі жаһандық серіктестік бағдарламасына қосылды.

Елде тестілеумен халықтың қамтылуы 13 пайыздан асады, ДДҰ ұсынған индикаторы 10%. Егер қоғамдағы АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсіту деңгейі жоғары болмаса, бұл нәтижелер әлдеқайда маңызды болуы мүмкін. Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерге және АИТВ-мен байланысты саяси бастамаларға қарамастан, стигма мен кемсіту бүкіл әлемге таралуда. Осы мәселе бойынша жалпы прогреске жету үшін тиімді бағдарламалар мен бастамалар қажет.

Солардың бірі - Жаһандық серіктестік бағдарламасы 10 желтоқсанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдануының 70 жылдығында Женевада басталды.