Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың  30  маусымға   АИТВ-жұқпасымен 4921  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,434% құрады.

Арнайы
саиттар

Ведомствоаралық кеңес

2020 жылдың 24 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ведомствоаралық кездесу ұйымдастырып өткізді. Бұл іс-шараға ШҚОЖИТСО, ШҚОПДО, ШҚО ПД УПН, УЕҰ қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

1. Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ-жұқтырған адамдардың эпидемиологиялық зерттеу деректері бойынша ИЕҚА арасында есірткі заттарының таралуы.

2. 2020 жылдың 9 айында диспансерлік тіркеуге тұру және ШҚОПДО -ға тіркелу кезінде есірткі тұтынушыларды тексеру мәселелері бойынша ШҚОПДО жұмысын ұйымдастыру.

3. Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарының таралуының қазіргі жағдайы туралы.

4. Инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын-алу, 2020 жылдың 9 айында ИЕҚА АИТВ тестілеу бойынша ШҚОЖИТСО және ШҚОПДО медициналық қызметкерлерінің бірлескен жұмысы. 2020 жылға арналған ИЕҚА арасында АИТВ-инфекциясының алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру.

Іс-шара нәтижесінде қорытындылар жасалып, шешімдер қабылданды.