Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,815% құрады.

Ресми сайттар

Защита теміржол ауруханасында семинар өтті

22 қыркүйекте ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Г.Қ. Нұрпейісова «Защита теміржол ауруханасында» медицина қызметкерлерімен АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді.

Ақжарғдағы іс сапар

20-23 қыркүйек аралығында емдеу-алдын алу жұмыстары және клиникалық тексеру бөлімінің мамандары науқасатарды диспансерлік тексеруден ғана емес, туберкулезге қарсы қызметтің медицина қызметкеріне де семинар өткізді.

Қоғамдастық мониторингі

22 қыркүйекте ЖИТС орталығында медицина қызметкерлерінің, үкімет емес ұйымдар мен USAID өкілдерінің қатысуымен CLM «Қоғамдастық мониторингі» жобасын жүзеге асырудың алдағы қадамдарын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша іс-шара.

22 қыркүйекте ШҚО ЖИТС орталығының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнама  нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Эпидемиологтарды оқыту

Алматыда 14-16 қыркүйек аралығында «Есірткіні инъекциялық заттарды қолданатын адамдардың био-мінез-құлық деректерін талдау» тақырыбында эпидемиологтар үшін тренинг өтуде. Тренингтің мақсаты-осы талдауды өз бетінше жүргізу үшін тұрақты дағдыларды алу.

«Емделушінің дауысы» ақпараттық-түсіндіру кездесуі.

2022 жылдың 06-ші қыркүйекте Өскемен қаласында «Емделушінің дауысы»  ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, онда ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігерінің м.а. Н.А.Оралбаева қатысты.

Алматыдағы семинар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығымен бірлескен іс-шаралар аясында 23-24 тамызда «Республиканың нормативтік-құқықтық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» семинарын өткізуде.