ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» КМҚК

Эпид. жағдай

ШҚО 2017 жылдың 1 қарашаға       АИТВ-жұқпасымен 3542  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы  АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,351% құрады.

АИТВ және туберкулез бойынша диалог

30.03.2014ж.Өскемен қаласында «АИТВ және туберкулез бойынша диалог» атты акция өтті, ұйымдастырушылар ЖИТС орталығы және «Қуат» ҚҰ.Өткізілген орын: №2 қалалық консультативтік емхана.Акцияның мақсаты: АИТВ-жұқпасы және туберкулез жайлы тұрғындардың ақпараттандырылған деңгейін арттыру, медициналық тексеруден өтулеріне мотивация беру. Емхананың фойесіндегі ақпараттандыру қабырғасына тематикалық плакаттар, үндеулер, кітапшалар орналастырылды. Емханаға келушілердің арасында «АИТВ және туберкулезді қалай тоқтатуға болады» викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер естелік сувенирлер алуға мүмкіндіктерге ие болды.Емхананың медициналық персоналдары және тұрғындар осындай шара өткізгенімізге алғыстарын білдірді.