ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» КМҚК

Эпид. жағдай

ШҚО 2017 жылдың 31 тамызға АИТВ-жұқпасымен 3488  адам тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіш ШҚО  100 мың тұрғынға  шаққанда 249  адамды құрады. ШҚО тұрғындары арасында 15- 49 жас аралығындағы  АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,323% құрады.

Семей қаласының орталық саябағында өткен «ЖИТС ауруына –жоқ. Денсаулыққа-ия» флэшмоб.

19 мамырда Семей қаласының орталық саябағында «ЖИТС ауруына-жоқ, денсаулыққа- ия» тақырыбы бойынша флэшмоб өтті. Акцияның ерекше белгісі- бұл  қалалық ЖИТС орталығы берген қызыл лентаның суреті салынған кеудеге тағылатын белгі. Флэшмобқа №31 мекетеп оқушылары, «Жас өмір» МО волонтерлері және де демалушы балалар да қатысты. ҚЖИТС О мамандары шара басталмас бұрын ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күнінің мақсаты жөнінде лекция оқып берді. Қатысушылар  «ЖИТС ауруына –жоқ, денсаулыққа-ия» ұрынымен саябақ келушілерінің назарын аударып музыкамен орындалатын би билеп берді. Қатысушылар флэшмоб басталмас бұрын және аяқталғаннан кейін де саябақ демалушыларына буклеттер үлестірді.