ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» КМҚК

Эпид. жағдай

ШҚО 2017 жылдың 1 қарашаға       АИТВ-жұқпасымен 3542  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы  АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,351% құрады.

Семей қаласының «Қазына» СО-нда «ЖИТС ауруына-жоқ» деген акция.

20 мамырда «Қазына» СО-нда  Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған «ЖИТС ауруына -жоқ» деген акция өтті. Акция ұйымдастырушылары: қалалық ЖИТС орталығы, ММУ-нің  жұқпалы аурулар кафедрасы, Қазақстанның медик жастар Ассоциациясы.  Акция басталмас  бұрын интерн дәрігерлер және ЖИТС орталығының мамандары келушілерінің АИТВ-жұқпасы жөніндегі сұрақтарына жауап беріп кеңес берілетін үстелдер жайды. Келушілердің алдында медицина ғылымының докторы профессор Л.А.Муковозова, медицина ғылымының кандидаты доцент Е.М. Смаил   және де алдын алу жұмыс бөлімінің меңгерушісі Қ,А,Қонысбаева сөз сөйледі. 1-3 курс студенттері концерттік бағдарлама дайындап берді. Акция флэшмобпен аяқталды. Қатысушылардың барлығында қызыл лента болды, өйткені бұл ЖИТС-пен күрес және аяныш, қолдау білдіретін болашақта ЖИТС-сіз үміттің белгісі! Сауда орталығының келушілеріне буклеттер және үндеу парақтар үлестіріп берілді.