ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» КМҚК

Эпид. жағдай

ШҚО 2017 жылдың 1 қарашаға       АИТВ-жұқпасымен 3542  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы  АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,351% құрады.

АИТВ-жұқпасы бизнеске әсер етуі мүмкін бе?

Елдің даму көрсеткіштерінің бірі «Жаһандық индекске бәсекеге қабілеттілігі» (ЖИБ) рейтингі болып табылады,114 индикаторың 12 сі бәсекеге қабілетті факторлар болып анықталады.

            (- 11пунк) 2016жылдың қорытынды көрсеткіші бойынша Қазақстан  138 елдің арасында 53 орынға ие болды.

              АИТВ-жұқпасы бойынша «денсаулық» бөлімінде екі көрсеткіш бар:

  1. Тұрғындар арасынд АИТВ таралуының деңгейі;             
  2. Алдағы 5 жылда бизнесті жүргізуге АИТВ- ның  әсері.

Егер бірінші көрсеткіш (тұрғындардың арасында АИТВ-ның таралуы) объективті статистикалық деректерден болса, орта және ірі бизнестің бірінші басшыларына сауалнама түрінде жүргізіліп (АИТВ-ның бизнеске әсері) екіншіні  құрады, ол жыл сайын 1 наурызға дейін Дүниежүзілік экономикалық форумның тәуелсіз сарапшылармен (орта есеппен әр мемлекетте шамамен 80 адам) жүзеге асырылады. Жауаптар жеті балл шкаласында бағаланады, «бизнеске ауыр әсері»- 1 балл боп бағаланады,«бизнеске ешқандай әсері», 7 баллмен бағаланады.

            Сауалнаманың бұрынғы жүргізілген нәтижелері көңіл толтырарлық емес. Егер бірінші көрсеткіш бойынша ЖИБ рейтингінде Қазақстан тұрақты бірінші орынды иеленсе, яғни бізде АИТВ-ның таралуы ең төменгі көрсеткіш, АИТВ ның бизнеске әсері туралы сауалнама елімізді 81 орынға қойып отыр,  яғни аурушаңдықтың төмендігі  ауыр әсер етеді.

            Бұл неге осылай болады? Бұл деген басшылардың АИТВ-жұқпасы бойынша нақты жағдайды көбінесе объективті статистикаға көңіл аудармай объективті бағаламауында.  Бірақ барлық Қазақстанда АИТВ індетін жұқтырғандардың арасында АИТВ жұқтырған қызметкерлердің үлесі 24,8% құрайды немесе шағын бизнесті айтпағанда 8000 белсенді орта және ірі бизнеске шамамен  7000 адамнан келеді. Жоғарыда айтылған есеп бойынша әр кәсіпорынға АИТВ-жұқпасымен орта есеппен, кемінде 1 адамнан келеді.

            Тегінде Қазақстандағы барлық АИТВ-жұқтырғандар мемлекет есебінен тегін емделеді!
  Сондықтан,  АИТВ жұқпасы бизнеске әсер етеді деп айтуға келмейді.