ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» КМҚК

Эпид. жағдай

ШҚО 2017 жылдың 1 қарашаға       АИТВ-жұқпасымен 3542  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы  АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,351% құрады.

«Денсаулық қалашығы»

2017 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 9.00-ден- 12.00-ге дейін Өскемен қаласының алаңында «Денсаулық - біздің қолымызда!» ұранымен «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды.

            Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 4 тамыздағы «Денсаулық фестивалі» республикалық акция өткізу туралы» № 10-9. / 15049  хаты бойынша Стратегиялық даму және денсаулық сақтау департаментінің хаттарымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

            ШҚО ЖИТС орталығының мамандары АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша кеңес берді, ал тілек білдіргендер жедел тестілеу арқылы АИТВге  тестілеуден өтуге мүмкіндік алды.

 

  Акцияға 200-ден астам адам қамтылды, олардың 31-і АИТВ статусын білді.